Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Салтанатты қақпадан Ә.Кекілбаев көшесіне дейін Мәңгілік Ел даңғылында жол орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпараты бойынша, 27 мамырдан 4 маусымға дейін Салтанатты қақпадан Ә.Кекілбаев көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.