Астанада авиация нарығы мен авиаотынның негізгі мәселелері талқыланады

Астанада авиация нарығы мен авиаотынның негізгі мәселелері талқыланады

Астана қаласында 2023 жылдың 24-25 мамыры күндері аралығында Hilton Astana қонақ үйінде "Орталық Азиядағы тұрақты даму және транзиттік әлеутті іске асырудағы энергетикалық өткел" тақырыбындағы 1-ші Қазақстандық авиациалық диалог өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға 250-ге жуық халықаралық авиация нарығының ірі ойыншылары мен компаниялар, халықаралық сарапшылар, даму институттары мен ғылыми қауымдастық қатысады.

Форум бағдарламасында жаңаша энергия көздеріне көшу (Net Zero 2050) аясында авиация саласына қойылатын талаптарды талқылау, авиаотын нарығының негізгі трендтері және олардың Орталық Азияның транзиттік әлеуетіне әсері, импортты жеңілдету үшін авиаотынды халықаралық стандарттау тәсілдерін қолдану, Орталық Азиядағы авиаотынға баға белгілеуді жақсарту шаралары сынды мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ қазақстандық және халықаралық авиациялық нарық компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою, сонымен қатар Platts баға белгілеулерін есептеу әдіснамасымен танысу және оларды авиациялық отынға қолдану бойынша S&P Global Commodity Insights халықаралық корпорациясының Лондондағы кеңсесінің өкілдерімен оқыту семинарын өткізу жоспарланған.

Форумды "ҚазМұнайГаз — Аэро" ЖШС компаниясы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен, сондай-ақ IATA, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, "Эйр Астана" АҚ, Астана қаласы әкімдігінің, "Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы", "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ, "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ көмегімен ұйымдастырады.