Елордада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

Елордада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

Астана қаласында 11 мамыр күні бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ алимент бойынша қарызы бар адамдарға арналған шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Бейбітшілік, 9 мекенжайы бойынша өтеді.