
Елорданың үздік Брендбук байқауына қатысу үшін 65-тен астам жұмыс жіберілді. Қатысушылар арасында қала мектептерінің оқушылары да, беделді университеттердің дизайнер-түлектері де болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда қала әкімдігі Жастар жылы аясында өткізілетін Нұр-Сұлтан қаласы туралы ең үздік брендбук пен Әнұран, әндер конкурсын іске қосуға бастамашылық етті.
Байқаудың мақсаты: өнер арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту, халықтың шығармашылық және рухани-мәдени әлеуетін арттыру.
Өтінімдерді қабылдау 25 маусымда аяқталды. Ең үздік брендбук байқауына қатысу үшін барлығы 32 өтінім(65-тен астам жұмыс) түсті.
Үздік Ән және елорда Әнұраны байқауларына 13 және 77 арасындағы азаматтардан Қазақстанның түрлі өңірлерінен 88 өтінім келіп түсті: олардың ішінде 52 өтінім – қала Гимні және 36 өтінім – елорда туралы үздік ән байқауына тапсырылды.
Айта кетейік, байқау жеңімпаздары 3 млн теңге көлемінде дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.