Елордада балалар арасында таеквондодан ашық республикалық турнир өтті

Елордада балалар арасында таеквондодан ашық республикалық турнир өтті

2023 жылғы 1-2 мамыр аралығында «Алау» мұзайдыны сарайының сенімгерлік басқарушысы «Mtex management» компаниясы және Астана қаласы Таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен балалар арасында таеквондодан ашық республикалық турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Қазақстан халқының Бірлігі мен достығы күніне орай ұйымдастырылды. Оған Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов, Астана қаласы Таевкондо федерациясының президенті Мамлюк Мусаев, «Алау» мұзайдыны сарайының басқарушысы Азат Садықов және таеквондодан 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қатысты.
Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 450 спортшы сынға түсті.

Аталған турнир биыл алғаш рет өтіп жатыр және негізгі мақсатының бірі – елімізде дене шынықтыру және спорт саласын дамыту әрі насихаттау.

Айта кету керек, жақында «Алау» мұзайдыны сарайында жекпе-жек түрлері бойынша жаттығу залы ашылды. Онда жас спортшыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған.