
Астана қаласында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Жарыстың ресми ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 17:30-да Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Көрермен қауым үшін кіру тегін болады.