
Елорда күнін мерекелеу аясында «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында белгілі мәскеулік «Современник» театрының гастролі өтеді. Аты аңызға айналған ұжым астаналық көрермендерге алғаш рет «Горе от ума» спектаклі мен А. Чеховтың «Вишневый сад» пьесасының қойылымын ұсынады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Гастроль 3-7 шілде аралығында өтеді.
Басты рөлдерде ресейлік танымал актерлер – Сергей Гармаш, Иван Стебунов, Шамиль Хаматов, Наталья Ушакова, Марина Неелова, Владислав Ветров, Мария Аниканова, Ольга Дроздова және т.б. өнер көрсетеді.
Ол 3 және 4 шілде күндері сағат 19:00-де, ал 6 және 7 шілде күндері сағат 17:00-де «Вишневый сад» спектаклін көрсетеді.
«Горе от ума» спектаклінің премьерасы 2007 жылы өткен. Бүгінге дейін бұл спектакль Мәскеуде және гастрольдерде шамамен 150 рет қойылды.
А.П. Чеховтың «Вишневый сад» пьесасын 1997 жылы Галина Волчек қойған болатын. «Современник» қойылымының премьерасын Бродвейде, «Мартин Бекк» театрының сахнасында ойнады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Современник» театрының спектакліне билеттерді www.topticket.kz сайтынан алуға болады. Анықтама телефоны: +77757222227.