
2019 жылдың тамыз айынан бастап Астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді.
Пилоттық режимде іске қосылған жоба өзектілігін көрсетті және мемлекеттік органдардың басқа өңірлер үшін тұрғындармен тиімді өзара іс-қимылының үлгісі болды. Жұмыс басталғаннан бері мұнда 169 644 сұрақ бойынша 158 249 адам жүгінді. Онлайн-брифингтегі оның қызметі туралы орталық директоры Бақтияр Айтпаев түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2023 жылғы 31 наурыздағы өзекті деректер бойынша, барлық жұмыс кезеңінде орталыққа 169 644 мәселе бойынша 158 249 елорда тұрғыны жүгінді. 75 829 мәселе атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, 12 625 – тұрғын үй, 31 942 – әлеуметтік қызметтер порталына қатысты.
2023 жылдың басынан бастап орталыққа 10 434 адам жүгінді, 11 733 мәселе қаралды, оның ішінде 5 634 (негізінен АӘК тағайындау, ЭЦҚ беру, ЭҮП арқылы әлеуметтік қызметтер порталында өтініштерді тіркеу мәселелері) шешілді. Қалған 6 099 бойынша жүйелі қадамдық консультация өткізілді.
«Жобаның мақсаты – азаматтардың жекелеген санаттарына консультациялық қызметтер кешенін ұсыну, өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ отбасы институтын жан-жақты қолдау және нығайту. Бұл өз кезегінде отбасының әлеуметтік мәселелерін кешенді шешуді, өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға жекелей түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді спикер.
«Жанұя» орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың қызметі ұйымдастырылды, олар мынадай қызметтерді көрсетеді:
«Отбасы Банкі» АҚ
- Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша кеңес беру
- Депозитті/жеңілдікті кредитті ресімдеу
- Ипотекалық несиені рәсімдеу
«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ
- Медициналық мекемелерге тіркелу
«Білім басқармасы» ММ
- «Индиго» бағдарламалары бойынша кеңес беру / жалпы оқыту
- Білім беру мекемелеріне тіркелу
«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
- Кеңес беру/ АӘК ресімдеу
- Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
Әлеуметтік қызметтер порталы
- Мүгедектік бойынша қызметтерді ресімдеу бойынша кеңес беру
- ПСУ/ ТСР және мүгедектік бойынша басқа да қызметтерді оқыту
ҚАЖД (қылмыстық-атқару жүйесі департаменті)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтендіру.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, бекітілген кестеге сәйкес әлеуметтік шиеленісті жою мақсатында санитарлық нормаларды сақтай отырып, апта сайын мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары, басшыларының орынбасарлары, мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.
«Жанұя» базасында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы ақпарат әлеуметтік желілерде хабарлау арқылы елорда азаматтарына үнемі жеткізіледі, call-center-ге жүгінген кезде қабылдау кестесі ғимаратта ақпараттық стендте орналастырылған», – деді Бақтияр Айтпаев.
Биыл бірнеше айда орталықта жүзге жуық астаналыққа психологиялық көмек көрсетіліп, 142 адам заңгерлік кеңес алды.
Тиімді өзара іс-қимыл және ынтымақтастық үшін өтініш білдірген азаматтардың проблемаларын жедел шешу және отбасы институтын нығайту үшін бірлескен іс-шаралар өткізу мақсатында орталық пен жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар арасында 27 меморандумға қол қойылды.