
Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эрика Жайлауова аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ол таспа жаттығуының финалында 29.350 ұпайын еншіледі. Сондай-ақ Эрика ұршық, доп жаттығуларында 5-орыннан көрінді.
Аталған бағдарламада Украина өкілі Полина Хороднича 30.550 ұпаймен жеңіске жетсе, күміс болгариялық Ева Брезалиеваға (30.300 ұпай) бұйырды.