Инвестициялық жобалар, жәрмеңкелер, жылыжайлар: Астанада азық-түлік қауіпсіздігін нығайту қалай жүріп жатыр

Инвестициялық жобалар, жәрмеңкелер, жылыжайлар: Астанада азық-түлік қауіпсіздігін нығайту қалай жүріп жатыр

Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлікті сөрелерге үздіксіз жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл үшін отандық өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қабылданып жатқан шаралар туралы онлайн брифингте қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен саласында инвестициялардың жалпы сомасы 88,3 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

«Жалпы инвестициясы 18,35 млрд теңгені құрайтын 72,3 мың тонна дайын өнімді (ет комбинаты, нан зауыты, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер және т.б.) шығару және қайта өңдеу бойынша өндірістік кешендердің құрылысы жөнінде 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ KazakhInvest-пен бірлесіп кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт салу үшін шетелдік инвесторды тарту бойынша жұмыс жүргізілді, бұл – польшалық Stokson компаниясы, жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайды», - деді Жаңабаев.

Сол сияқты жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрайтын 2 КТО (45 мың ш.м.), 2 млрд теңгені құрайтын 1 қойма кешенін (9,5 мың ш. м.), сондай-ақ 2,85 млрд теңге сомасына 3 көкөніс қоймасын (14 мың тонна сақтау) салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Жалпы инвестиция сомасы 22,7 млрд теңгені құрайтын жылдық қуаты 14 мың тонна 2 жылыжай кешенін салу жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысының өндірушісімен бірлесіп «AQMOL FOOD» ЖШС елордамызда 2,6 млрд теңге сомасына 4 жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкені ашу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр.

«Инвестициялардың жалпы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын 2 базардың құрылысы жүріп жатыр. Жедел шаралардың бірі – «Айналым механизмі» болып саналады. «Айналым тетігі» аясында бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді. Барлық ӘМАТ 19 түрі бойынша 35 мың тонна жеткізуге келісімшарт жасалды. Қолданыстағы шарттар бойынша 10 мың тонна көкөніс қоры бар. Бұл көлем қаланы қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін ескере отырып, мамыр-маусым айларына 1 800 тонна (картоп – 812 тонна, пияз – 410, сәбіз – 340 және қырыққабат – 265) көлемінде импорттық көкөністерді жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр», - деді ол.

Елорданы қантпен қамтамасыз ету мақсатында Мерке зауытымен көлемі 3,5 мың тонна болатын 1,6 млрд теңге сомасына қантты жеткізу шартына қол қойылды.

Сондай-ақ азық түлік корпорациясы арқылы 1 сортты арзандатылған ұнды сату бойынша көлемі 5 338 тонна астықты жеткізуге меморандум жасалды.

Сауран 7, Қосшығұлұлы, 14 мекенжайлары бойынша елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қала аумағында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жұмысы жалғасуда. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмен арзан сатылып жатыр.

Сонымен қатар биыл «Шарын» жаңа базарымен бірлесіп, 3 мекенжай бойынша жәрмеңке өткізіледі: Дүкенұлы көшесі 31/1 (Әсем базарының тұрағы), Жеңіс даңғылы, 66а (Aqmol Food), Есенберлин көшесі, 25 (ғимарат алдындағы тұрақ). Өнімдер тікелей өндірушіден көтерме бағада сатылып жатыр.

«Тұрақты негізде баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемалардың Өңірлік комиссиясы отырысы өткізіледі. Жыл басынан бері 21 отырыс өткізілді, оның ішінде 9-ы – көшпелі отырыс. Көшпелі кеңес барысында қаланың сауда объектілерінде сауда үстемесінің 15%-ын сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүріп жатыр», - деді Мақсат Жаңабаев.