Астанада грэпплинг AIGA-дан қалалық чемпионат өтті

Астанада грэпплинг AIGA-дан қалалық чемпионат өтті

Астана қаласында балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында грэпплинг AIGA-дан қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа елорданың 17 клубынан 220 спортшы қатысып, бақ сынады. Дирекция құрама командасы үшін чемпионат сәтті өтті. Олардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Сонымен қатар, «Үздік» деп танылған спортшыларға арнайы кубоктар табысталды.

«Астана қаласының чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Қала клубтарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Бұл біз үшін үлкен жетістік.

Спортшыларымыздың жеңісі біздің де жеңісіміз. Олардың жарысқа дайындығын жаттықтырушылар өзіміз жіті қадағаладық. Осы жарыста жоғары нәтижеге қолжеткізген спортшылар, алдағы уақытта өтетін ел чемпионатына тікелей жолдама алды», - деді Астана қаласының аға жаттықтырушысы Мухамед Нуркин.

Жарыс қорытындысы төмендегідей:
1-орын – Нұрсұлтан Меңдібаев (65 кг);
1-орын – Александр Назаренко (+100 кг);
2-орын – Александр Назаренко (83 кг)
2-орын – Мұса Нұридинұлы (70 кг);
3-орын – Бекзат Сахиев (65 кг);
3-орын – Әбду-Әли Абдукадыр (76 кг).

Біріншілік қорытындысы бойынша мынандай сыйлықтар табыс етілді:
Александр Назаренко – үздік жекпе-жек көрсеткені үшін;
Нұрсұлтан Меңдібаев – үздік әдіс үшін;
Бекзат Сахиев – үздік жекпе-жек көрсеткені үшін;
Мұса Нұридинұлы – жеңіске деген ерік-жігері үшін.