
Бокстан Тайландта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан жерлесіміз Санжар Ташкенбай алтынды қанжығалады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін жекпе-жекте жерлесіміз Өзбекстаннан келген Шодиержон Меликузиевпен кездесті. Төрешілердің ортақ шешімімен Санжар 2023 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Санжардан кейін Бангкок рингіне тағы бес қазақстандық финалист көтеріледі, олар: Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг).
Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 қаңтарға дейін жалғасады.