
Православие шіркеулерінде 19 қаңтарға қараған түні крещение іс-шарасына орай жаппай шомылу рәсімі өтеді. Астана ТЖД іс-шара өткізу орындарында қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді, сондай-ақ сақтық шаралары туралы еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Ойықтар Есіл өзенінің екі жерінде – «Гранд Алатау» ТК жанында және елордалық саябақтың жағасында (амфитеатр мен RegisAstana қонақ үйінің жанында) жабдықталады.
«18 қаңтардан 19-ына қараған түні Кенесары ескерткішінің жанында шомылу рәсімі өтеді. Осы іс-шараға қатысқан кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз. Астана қаласы әкімдігі ойық маңында қауіпсіздікті қадағалайтын құтқарушылар тобымен қамтамасыз етеді. Оның маңы толық жабдықталған, қауіпсіз, адамның мұз астына кетіп қалмауына жол бермес үшін баспалдақтар мен қоршаулар орнатылған. Сондай-ақ елорда тұрғындары үшін киім ауыстыруға және жылынуға болатын жылы шатырлар бар. Аталған іс-шараға қатысқан кезде алкоголь мен басқа да заттарды тұтынбаған жөн», - деді Астана ТЖД өкілі, бас құтқарушы Жасұлан Қабдышев.
ТЖД шомылу кезінде мынадай сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
- қажет болған жағдайда уақтылы көмек көрсете алатын арнайы жабдықталған және қауіпсіздік талаптары сақталған орындарда ғана шомылыңыз;
- ойыққа кірген соң, терең дем алып, деміңізді ұстап тұрып, суға сүңгіңіз. Шұңқырдан шыққан кезде өзіңізбен бірге барған адам сізді сүлгімен және халатпен қарсы алғаны жөн. Суға түсерде шәркей (резеңке аяқ киім) киюді ұмытпаңыз;
- шомылардан бұрын денені жылытып алу керек әрі жеңіл жүгіру қажет;
- аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін ойыққа ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен түсу керек. Шұңқырға жету үшін қысқы жылы аяқ киімді қолданған дұрыс, арнайы резеңке тәпішкелерді де қолдануға болады. Шұңқырға барғанда, жол тайғақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Асықпай әрі мұқият жүріңіз;
- суға түсетін баспалдақтың орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз;
- суға басыңызбен алға қарай секіріп түспеңіз, себебі бұл дене температурасының жоғалуын арттырады және шок жағдайға әкелуі мүмкін;
- дененің тоңып қалмауы үшін суға бір минуттан артық түсуге болмайды;
- мас күйінде мұзды суға сүңгуге жол берілмейді;
- егер сізбен бірге бала немесе қарт адам болса, оның суға түсуі кезінде қадағалаңыз;
- шомылғаннан кейін сүлгімен сүртіңіз, құрғақ жылы киім киіңіз және ыстық шай ішіңіз.
Құтқарушылар балаларға және егде жастағы адамдарға, тәжірибесі жоқ, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға суық суға түсуді кеңес етпейді.
«Жаппай шомылуға қатысатын елорда тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында шомылдыру рәсімін өткізу кезінде рәсім өтетін орындарда Астана ТЖД, жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шараға жеке құрамның 31 адамы және 6 бірлік техника жұмылдырылады. Жергілікті орындарда шомылуды ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін қосымша нұсқаулық өткізіледі», - деп түсіндірді Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов.
Бір күн бұрын елордалық құтқарушылар шомылуға арналған ойықтардың дайындығын тексерді.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шара қаланың барлық православие шіркеулерінже өтеді: Успен соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Констатино-Елена храмы (Республика даңғылы, 12), Серафим шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).
Шомылатын орындар 18 қаңтарда сағат 19:30-дан 19 қаңтар күнгі сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болады. Жаппай шомылу 19 қаңтарда таңғы 08:00-ден 20 қаңтар күнгі сағат 02:00-ге дейін жалғасады.