
Астанада аптаның алғашқы күні саршұнақ аяз орнап, жер көктайғақ мұзға айналды. Елордалық ТЖД құлап, жарақат алмас үшін сақтық ережелері туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 9 қаңтарда елорда аумағында көктайғақ сақталатынын хабарлайды. Осыған байланысты көктайғақта құлап, жарақат алмас үшін мына ережелерді қатаң сақтау керек:
биік өкшесі бар аяқ киімнің орнына жай табаны бар тайғанамайтын аяқ киім кию керек;
жүрер жолыңызда өте мұқият болыңыз: ешқайда асықпаңыз және жүгірмеңіз;
үсті жылтырап тұрған жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
екі қолыңыз бос болғаны жөн, өзіңізбен ауыр сөмке алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, мұндайда құлау мүмкіндігі артады;
аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды жерлерді айналып өту мүмкін болмаса, үстінен жеңіл адыммен жүріңіз;
Есіңізде болсын, әсіресе арқамен, бетпен құлау өте қауіпті, қатты зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алу үшін қаралыңыз.
Жүргізушілер үшін жолда көрініс нашарлайды, жер өте тайғақ болуы мүмкін, сәйкесінше көліктің сырғып кетуі де тайғанауы да күрт арады.
Жүргізушілер жолда өте сақ және мұқият болуы, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауы, көлік құралының техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуі тиіс. Алыс жолға шықпаған жөн. Жолға шықпас бұрын, дөңгелектің жай-күйі жол төсемінің жағдайына сай келетініне көз жеткізу керек. Қозғалыс кезінде жылдамдық режимін сақтау, қозғалыс қарқындылығын, көлік құралы мен жүктің ерекшеліктерін, олардың жай-күйін, жол және табиғи жағдайларды ескере отырып, көлікті абайлап басқару қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!
Елорда тұрғындары мен қонақтары сақ болғаны, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалағаны жөн.