
2022 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азаматтармен, бизнес өкілдерімен кездеседі, сондай-ақ, Астанада азаматтарды жеке қабылдау өткізеді, деп Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Іс-шаралар Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 бойынша "ЭКСПО" халықаралық көрме орталығында өтеді.
Жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері), БАҚ үшін брифинг сағат 17.00 – 18.00-де өтеді.
Азаматтарды қабылдау – сағат 18.00 - 18.45
Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.
Сұрақтар мен ұсыныстарды Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрімен кездесу кезінде тікелей қоюға немесе WhatsApp - қа жіберуге болады: +7 701 701 01 34 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласыңыз: 87172749894, +7 708 340 9649.