Елордадан бір түнде 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордадан бір түнде 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүріп жатыр. 21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні қаладан 1 800-ден астам жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

22 желтоқсан күні таңертең елордада қар мен мұзды тазалауға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника, соның ішінде самосвалдар, тиегіштер және т.б. шықты.

21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1 800 ауыр жүк көлігіне тең.

Қыс мезгілінің басынан бері қала көшелерінен 749 мың текше метрден астам қар шығарылды, қар полигондарына 61 806 рейс жасалды.