Астанада 24 қараша күні бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді

Астанада 24 қараша күні бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді

Елордада 24 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке елордада жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында үнемі өткізіліп тұрады. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайында өтеді.