
Елордада әртүрлі себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын тұрғындар үйде дауыс беруге құқылы. Ол үшін өтініш беру керек, сайлау комиссиясының мүшелері урнамен және бюллетеньдермен бірге сол мекен-жайға келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмайтын елорда тұрғындары және ауыр науқастарға күтім жасайтындар үйде дауыс бере алады.
Резеда Нагаева жасына және денсаулығына байланысты үйден дауыс берді.
"Бүгін қуанышты күн. Біздің еліміздің басшысын сайлайтын күн. Болашақ президентке принципті болуға және өз міндетін орындауға тілектеспін. Менің үйіме келгендеріңіз үшін көп рахмет. Елімізге тыныштық тілеймін", - деп атап өтті астаналық әйел.