Астанада президент сайлауында жас жұбайлар дауыс берді

Астанада президент сайлауында жас жұбайлар дауыс берді

Жас жұбайлар үйлену күні елорданың Есіл ауданындағы №127 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Көңіл-күйіміз көтеріңкі, өйткені бұл ел үшін де, өзіміз үшін де өте маңызды күн. Мен әр азаматтың сайлауға қатысып, дауыс беруі міндет деп санаймын. Сондықтан бүгін үйлену тойына қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын», - деді 25 жастағы Әлішер Айтбаев.

Аталған сайлау учаскесінде 2 729 сайлаушы тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 406 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оларға автобуспен тегін жетуге болады.