Елорда әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында президент сайлауында дауыс бергенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Таңертең сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қаламызда 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғысымды білдіремін», - деп жазды елорда әкімі.

 

Фото: Александр Куприенко