
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай елордада үш күндік әскери-патриоттық жиындар өткізілді. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен №68665 әскери бөлімінде елордалық Жас Сарбаз тәрбиеленушілері арасындағы жиынның мақсаты – патриоттық сезімді күшейту, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жиынның алғашқы күні Жас Сарбаз тәрбиеленушілері нағыз әскери өмірдің қыр-сырымен және әртүрлі әскери техникалармен таныс болды. Сондай-ақ әскери қолданбалы спорт түрлерінен: AK74 автоматын жылдамдыққа шашып жинау, белтемірге тартылу бойынша команда болып бақ сынады.
Іс-шараға ҚР Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы, Авиация генерал-майоры Алсай Жұманов, Аян Бауыржанұлы және Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысып, жастардың рухын көтеріп, жарыста сәттілік тіледі.
Жиынның екінші күні Жас Сарбаз тәрбиеленушілері, газқағарды жылдамдыққа киіп және нысанаға оқ ату бойынша бақ сынады. Сондай-ақ кедергілерден жүгіріп өту бойынша команда болып бақ сынады.
Жиынның үшінші, яғни қорытынды күні «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері, команда болып арқан тартып және викториналық сұрақтарға жауап беріп, Smart Sarbaz роботехникаларын көрсетті.
Жас Сарбаздар өздерінің білек пен ғана емес ақыл оймен де ұшқыр екендігін дәлелдеді.
Сонымен үш күннің қорытындысы бойынша Арлан командасы 1-орын, Бүркіт командасы 2-орын, ал Астана арландары үздік үштікке ие болды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға арнайы «Жас Сарбаз» эпикировкасы мен алғыс хаттар табысталды.