
Қала маңына қатынайтын №321 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгерді. Енді 19 қарашадан бастап Мичурино елді мекеніне де кіретін болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Көлік қызметін жақсарту мақсатында 19 қарашадан (сенбі) бастап, №321 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді маршрут Мичурино елді мекеніне екі бағытта да кіріп жүретін болады.