
Жұмыссыз азаматтарға арналған кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі 17 қарашада Астанада өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
17 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.
Бос орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің "Жастар сарайы" МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.