Астанада жұмыссыз жастарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Астанада жұмыссыз жастарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті

3 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық жоғары оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз жастары үшін қалалық Бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкенің мақсаты-жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, түлектер мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық жастарды қолдау және еліміздегі адами капиталдың сапасын дамыту болып табылады.

Мұндай іс-шараларға қатысу кешегі жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыруда айтарлықтай көмек көрсетеді, өйткені оларға жұмыс ұсынатын компаниялардың өкілдерімен жеке қарым-қатынас жасау мүмкіндігі беріледі.

Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастар" ЖРО" КММ NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Аймақ Әлфарабидің айтуынша, Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың 30-дан астам жұмыс берушісі қатысып, 300-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

"Жыл басынан бері "Астана жастары" үш Бос орындар жәрмеңкесін өткізді, оған елорданың 126-дан астам ұйымының өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер 800-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды, оның барысында 150-ге жуық адам жұмысқа орналасты. Бос орындар жәрмеңкесіне 1200-ден астам жас ізденуші келді", - деп атап өтті бөлім басшысы.

Ол сондай-ақ, 2021 жылы ашылған астаналықтарды жұмыспен қамтудағы Жастарға қызмет көрсету орталығының үлесін атап өтті.

«Бұл орталықтарда жастар жұмысқа орналасу, тұрғын үй және бос уақытты өткізу мәселелері бойынша кеңес береді. Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жас ізденушілерге Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, тұрғын үй мәселелері бойынша – "Отбасы банкінің" өкілдері, бос уақыты бойынша ақпаратты "Астана жастары" КММ қызметкерлері ұсынады. Жұмыспен қамту орталығында Жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша жұмыс ұсынылады. Тұрғын үй мәселелері бойынша "Елорда жастары" және "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламалары жұмыс істейді», - деді Аймақ Әлфараби.

Жәрмеңкеге келушілердің бірі - ЕҰУ түлегі Дәулет Талғатұлы жақында ЖОО-ны "Бағдарламашы" мамандығы бойынша бітірді. Бүгін ол жұмыс берушілерден бірнеше ұсыныстар алды.

"Еліміздің болашағы жастардың қолында. Ал егер жастар білімді және прогрессивті болса, онда ел тек жеңіске жетеді. Менің ойымша, Еуразиялық университет-жоғары білікті мамандар шығаратын қаладағы ең үздік оқу орындарының бірі. Сондықтан мен бүгін жұмыс берушілерден бірнеше ұсыныстар алдым. Жақын арада еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосатыныма сенімдімін", - деп бөлісті жас астаналық.