Елордалық пара каратэшілер әлем чемпионатында топ жарды

Елордалық пара каратэшілер әлем чемпионатында топ жарды

Қазан айының 25 мен 30 аралығында Италияның Бергамо қаласында пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Оған 16 мемлекеттің спортшылары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ел намысын елордалық Ләззат Жүсіпова (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты) мен Дидар Мұхамеджанов (тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санаты) қорғады. Спортшылар «Ката» дисципилинасында лайықты өнер көрсетіп, жарыста жеңіске жетті. Екеуі де алтын медальға ие болды.