
«Технология заманында Астана оқиғалары жайлы халықты ақпараттандыру үшін барлық кеңістікті пайдалану өте маңызды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін біз «Astana news» Telegram-арнасын (https://t.me/astana_newss) аштық.
Осы арнада қала тұрғындары үшін қызықты болатын Астана әкімдігінің түрлі жаңалықтарымен бөлісетін боламыз. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы, аудандардың дамуы, қаланы газдандыру, мәдени жаңалықтар жайлы хабардар бола аласыздар», - деп атап өтті Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.