Астанада таеквон-до GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында ел кубогы сарапқа салынады

Астанада таеквон-до GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында ел кубогы сарапқа салынады

2022 жылғы 2-4 қараша күндері Астана қаласында таеквон-до GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 600-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан Республикасының Кубогы екі жас санатында, яғни 12-14 жас және 15-17 жас аралығында өтеді. Сондай-ақ бұл турнирде үздік техника мен әсерлі жекпе-жектерге кубоктар беріледі.

Өтетін орны: «Аспан» спорт кешені.