Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Биыл 21 қазанда сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді.

Мекенжайы: Республика даңғылы, 34.