Елордалық әскерге шақырылушылар қызмет атқару үшін десанттық-шабуылдау әскерлеріне жіберілді.

Елордалық әскерге шақырылушылар қызмет атқару үшін десанттық-шабуылдау әскерлеріне жіберілді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлеріне елордадан биылғы күзгі әскерге шақырылушы жастардың кезекті командасы аттанды. Осы күзде елордадан 800 – ден аса әскерге шақырылушы еліміздің түкпір-түкпіріне, оның 300-ден астамы Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге аттанады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық әскерге шақырылушылар Қонаев қаласының Десанттық-шабуылдау бригадасының құрамында мерзімді әскери қызметін атқаратын болады.

"Бұл күндері "Айбынды жас – Қазақстанның тірегі" республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жүріп жатыр. Қыркүйек айында біз Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтауды аяқтадық. Жақсы нәтижелерге қол жеткізе отырып бізбен жабдықталған әскери бөлімдердің командирлері біздің тарапымызға жақсы пікірлер білдірді. Армия үнемі жаңартылып келеді, сондықтан бізде әскерге шақырылушыларға үлкен талаптар қоямыз. Әскери қызметке біз тек үздіктерді жібереміз. Шақырылушының физикалық жағдайы мен денсаулығын, сонымен қатар психологиялық дайындығын, білім деңгейін, мамандығы мен біліктілігін тексереміз.Осы мәліметтердің нәтижелері бойынша оларды әскерлердің түр түріне бөлеміз. Жасақталатын әскери бөлімдерде қажетті мамандықтарды ескере отырып, жас толықтырулар жібереміз", - деп түсіндірді Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Медет Тұрскелдиев.

Іс-шараға қала әкімдігінің өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.

Әскери қызметке шақырылғандарға Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер мен ата-аналар жақсы нұсқаулармен сөз сөйлеп, әскери жолын лайықты өтіп «Үздік қызметі үшін» марапаттармен үйлеріне аман есен оралуларына тілек білдірді.

«Сіздерге бұйырғымыз – Отанымыздың және жерлестеріміздің бейбітшілік пен тыныш өмірін қорғау! Аға ұрпақ қасиетті борышын ерлікпен атқарды.Сіздер- өскелең жас ұрпақ, Отан қорғаушы құрметті атағын абыроймен өтетіндеріңізге біз сенеміз.Секірулеріңіздің саны сәтті қону санына тең болсын! Толық күмбездер Сіздерге, құрметті десантшылар! «Сәт сапар!",- деп аяқтады өз сөзін Ауғанстандағы соғыс ардагері Миранбек Төлекпаев.

Аға буынның ізгі тілектерінен кейін әскерге шақырылушыларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.