Алтай Көлгінов аға буынды мерекемен құттықтады

Алтай Көлгінов аға буынды мерекемен құттықтады

Астана әкімі Алтай Көлгінов "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, аға буынды Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгін аға ұрпақты қарттар күнімен құттықтап, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бардық.

Әр аға-буынымызға қаланың дамуына өз үлесін қосқаны үшін білдірер алғысым шексіз. Олар түрлі салаларда еңбек етіп, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп, жастарға жол сілтеді.

Мемлекет азаматтарға түрлі жағдай жасауда: зейнетақы мен түрлі төлемдердің мөлшері көтеріліп, қарттарды қолдау бойынша шаралар қабылдануда және т.б. "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы зейнеткерлерге толық қызмет көрсетеді. Өз тарапымыздан қаланың әлеуметтік орталықтарын алдағы уақытта да қажетінше қолдаймыз. 

Қарты бар ел - қазыналы ел. Барша қарияларымызға зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін!",- деп әкім өзінің Instagram парақшасында жазды.