Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында марафон өтті

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында марафон өтті

Астанада мүмкіндігі шектеулі топтардың өкілдері қатысқан марафон өтті. Мұндай форматтағы спорттық іс-шара елордада алғаш рет өтуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа ерекше балалар қатысып, оларға белгілі мамандар, танымал спортшылар көмектесті. Қатысушылар үш шақырым қашықтықты жүріп өтті. Ұйымдастырушылар қатысушыларға медальдар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.

«Арбаға таңылған жандардың қоғамда өзін емін-еркін сезінуі жөнінде ой пайда болды. Мұндай марафонды алғаш рет ерекше балалармен және атақты спортшылардың қолдауымен өткіземіз. Балалардың өздері немесе ата-аналары бірге жүгірмеуі жөнінде идея пайда болды. Ата-аналар осындай көңілді ортада демалып қайтуы қажет. Жарысқа қатысушы балаларға қарап, көздерінен от көруге болады. Оларда мотивация бар, ал өздерімен бірге жүрген атақты спортшы оны тіптен қуанта түседі.

Балалар мен олардың ата-аналарын қолдау үшін танымал спортшылар да қатысты. Жаңа достарымен бірге олар үш шақырым қашықтықты еңсеруі тиіс», - деп атап өтті «Бақытты шаңырақ» ҚҚ өкілі Салтанат Рақышева.

Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі топтардың өкілдерін спортқа қызықтыру, сондай-ақ жеңіске жетуге ынталандыру.

«Мен балаларға ешқандай шектеу жоқ екенін, шектеу аясы болмауы керек екенін айтқым келеді. Әрбір бала ешкімнің сөзіне қарамастан, өзіне ұнаған спорт түрін таңдағанын қалаймын», - деп атап өтті пара дзюдодан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ақмарал Науатбек.

«Елорда тұрғындарының бастамашыл топтарын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бақытты шаңырақ» Қоғамдық Қоры ұйымдастырған марафонға бастамашыл топтар, азаматтық сектор, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, спортшылар және басқалар қатысты.