
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда атауын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, заңда үш маңызды тармақ көрсетілген:
1. Қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық президенттік мерзімді енгізу. Заңда дәл осы норма болашақта өзгеруге жатпайтыны баса айтылған.
2. Елорда атауының Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгеруі.
3. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімін сегіз жылға дейін ұзарту. Осылайша судьялар тәуелсіз болады.