
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясы елорданың атын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қарау бойынша көпшілік тыңдаулар өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жұртшылық қала тұрғындары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобынан түскен Қазақстан астанасын Нұр-Сұлтаннан Астанаға қайта өзгерту туралы ұсынысын талқылады.
Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары отырысының хаттамасымен елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы ұсынысты қолдау туралы шешім қабылданды.