
10 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының ЭКСПО аумағындағы ашық аспан астында «Береке – бірлікте!» атты концерт өтеді. Іс-шара «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Концерт сағат 18.00-де басталады. Кіру тегін.
Онда Мирас Жүгінісов, НАZИМА, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Ділнәз Ахмадиева, Yenlik, 2RAR, De Lacure сынды жұлдыздар өнер көрсетеді.
Сондай-ақ іс-шараға Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұкашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым секілді өнер тарландары қатысады.