Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен кездесу уақыты кейінге шегерілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен кездесу уақыты кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындардың Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен кездесу уақыты кейінге шегерілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 8 қыркүйекте жоспарланған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарымен кездесуі кейінге ауыстырылды.

Өту уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.