Нұр-Сұлтанда Tartyl Fest-ке 650-ден астам қатысушы жиналды

Нұр-Сұлтанда Tartyl Fest-ке 650-ден астам қатысушы жиналды

Бүгін Қазақстан астанасында турникте тартылу бойынша Tartyl Fest спорт фестивалі ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Дара" таланттарды қолдау қоры" ҚҚ және қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстанда өткізіледі.

Нұр - Сұлтан турнир өтетін соңғы 20-шы қала болып табылады. Бүгінгі фестивальдің орны ретінде EXPO аумағындағы сахна таңдалды.
Жоба амбассадоры Айтым Жақыповтың айтуынша, елордада 650-ден астам қатысушы тіркелген.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, "Дара" қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, белгілі спортшы Дамир Муминов, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері Айтым Жақыпов қатысты. Олардың барлығы қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

"Шынында да, бұл нағыз бұқаралық спорт түрі болып табылатын оқиға. Мұнда ең мықтылар жеңеді. Барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғыс. Бүкіл ел бойынша 12 мыңнан астам қатысушы қатысқанын білемін. Қазір олар: "Жастарымыздың назарын пернетақтадан өзге жаққа бұру мүмкін емес" дейді, алайда ол мүмкін, және оны Tartyl Fest сияқты оқиға дәлелдейді", - деді Мәдениет және спорт министрі фестиваль қатысушылары мен қонақтарына.

Дәурен Абаевтың айтуынша, алдағы уақытта Tartyl Fest фестивалі елімізде жыл сайын өткізілетін іс-шараға айналады деп жоспарланып отыр.

Фестиваль 10 шілдеден бастап еліміздің 20 қаласында өтеді, оған қазақстандықтар қатыса алады және ақшалай жүлделер ұтып алады. Әр қалада 27 жеңімпаз таңдалады. Бірінші орын үшін қатысушылар 200 мың теңге, екінші орын үшін 100 мың теңге, үшінші орын үшін 50 мың теңге ақшалай сыйлық алады.

Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз санатта) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады, оның күні жақын арада белгілі болады.