
Елорда әкімдігінің қызметкерлері Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды. Қаражат төтенше жағдай салдарын жоюға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге арналған.
Елордада "Amanat" партиясы (Тәуелсіздік даңғылы, 3), Қазақстан халқы Ассамблеясы, қала тұрғындары және т. б ұйымдастырған гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмыс істейді (Момышұлы даңғылы
24/9, + 7 702 481 20 38, +7 701 466 0345).
Жақында "Amanat" партиясы Қостанай облысының зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындары үшін 312 тонна гуманитарлық көмек жинады, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлердің көмегімен тағы да 4,5 тонна бірінші қажеттіліктегі заттарды жинады. Алғашқы гуманитарлық көмек партиялары Астанадан жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті жинауға және тасымалдауға еріктілер де көмек көрсетеді.