Елордада «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Елордада «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында, яғни 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірінші кезеңде мүдделі органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне мониторинг жүргізіледі.

Екінші кезең 1-12 қыркүйек аралығында өткізіледі, онда алдын алу үшін мектеп оқушыларымен тікелей жұмыс жүргізіледі: сабақтар, дәрістер өткізу, үгіт-насихаттау.

Оқу жылының басынан бастап мектептердің жанына арнайы жасақ қою, ауыстыру және кешкі уақытта сабақ аяқталғаннан кейін патрульдеу жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар үшін белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтай отырып, жол қауіпсіздігі мәселелеріне арналған бірқатар ұйымдастырушылық, ағартушылық және ойын-сауық шаралары жоспарлануда.