Ақмешіт көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Ақмешіт көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақмешіт көшесіндегі жол төсемінің орташа жөнделуінің басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 19-22 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігіндегі автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп атап өтті көлік басқармасынан.