Елорда әкімдігінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылдау басталатыны туралы жарияланды

Елорда әкімдігінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылдау басталатыны туралы жарияланды

1-15 қыркүйек аралығында елордада кәсіпкерлерден әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініштер қабылданады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жоғарыда көрсетілген тізілімге өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.

Өтінімдер Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 113-кабинет (кеңсе) мекенжайы бойынша 2022 жылғы 1-15 қыркүйек аралығында қабылданады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не қағидалардың шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін деректер немесе құжаттар дәйексіз болған жағдайларда, ұйымдастырушы оларды кәсіпкерге қайтарады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері төрт санатқа бөлінеді. Субъект нақты қандай екеніне байланысты және құжаттар пакеті жиналады.
Толығырақ ақпаратты 55-69-10, 55-69-03, 55-69-19 телефондары арқылы алуға болады.

Категорий субъектов социального предпринимательства