Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемін жөндеуді бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 20-22 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының Сарайшық көшесінен Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген бейінді басқарманың хабарламасында.