Елордалық маршрут Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы қатынайтын болады

Елордалық маршрут Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы қатынайтын болады

№60 бағдардағы қоғамдық көлік 19 тамыздан бастап Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындардың өтініші бойынша 19 тамыздан бастап №60 бағдар Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады. Бұл шаралар сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады.

Автобустар мына бағыт бойынша жүреді: «Талисман» ТК соңғы пунктіне дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен, одан әрі Есіл өзені арқылы өтетін көпір арқылы, Ж.Нәжімеденов көшесінен оңға, одан әрі «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін.