
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемін жөндеуді бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-8 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.
Сонымен қатар, 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде даңғыл толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.