Нұр-Сұлтанда елордалық жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдау жүргізілуде

Нұр-Сұлтанда елордалық жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдау жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 21 тамызына дейін (қоса алғанда) қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу түріне ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ол топқа кімдер жатады:

жетім балалар;
балалар үйінің түлектері;
бала кезінен мүгедектер;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
көп балалы отбасылардан шыққан балалар (оның ішінде ағымдағы жылы кәмелеттік жасқа толған үлкен бала білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін).
Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- Сәулет (BIM-менеджер жобалаушы),
- Биотехнология,
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы),
- Геодезия және картография (web-картография),
- Дизайн (Web-дизайн, ландшафтық дизайн),
- Мектепке дейінгі оқыту,
- Жерге қатынастары-Агроинженерия,
- БӨАжА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру),
- Газ жабдығына қызмет көрсету жөніндегі инженер,
- Инженерлік жүйелер мен желілер (байланыс және аспап жасау инженері),
- Инженер-электроншы,
- Ақпараттық жүйелер( компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы), Ақпараттық технологиялар,
- Кинезитерапия,
- Жалпы медицина,
- Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (логистика жөніндегі маман),
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі,
- Педагогикалық (математика, ағылшын тілі, тарих, информатика, физика, бейнелеу өнері, алғашқы әскери дайындық мұғалімі),
- Қазақ тілі мен әдебиеті,
- Орыс тілі мен әдебиеті,
- Әлеуметтік жұмыс,
- IT маманы,
- Стоматология,
- Құрылыс (құрылыста 3D басып шығаруды жобалаушы),
- Жылуэнергетика,
- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы,
- Дене шынықтыру және спорт,
- Электр энергетикасы
- Психология.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды қоса бере отырып, бейінді басқармаға жүгінуі тиіс:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жиынтық табысты есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
3)ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) көп балалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасылардың балалары үшін);
5)туу туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
6) Нұр-Сұлтан қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;
7) Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификат.
8) Екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне төрт ең төмен күнкөріс деңгейі (190 088 теңге) мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыс болған жағдайда ақшалай төлем түрінде тағайындалатынын атап өту маңызды.
Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанына ақы төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу қажет немесе құжаттарды электрондық түрде https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app веб-порталы арқылы "электрондық өтініш" бөлімінде тапсыру қажет.
Тестілеу кезінде қажетті ең төменгі балл (2022 жылға өту балы - 50 балл) алмаған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
Алматы: 55-01-74, 8 702 837 50 05;
Байқоңыр: 55-72-32, 8 775 962 91 57;
Есіл ауданы: 55-74-50, 8 705 427 92 40;
Сарыарқа: 55-14-87, 8 701 621 62 99.