
Бұрын көппәтерлі тұрғын үй қорындағы электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін «Астанаэнергосбыт» ЖШС бақылаушылары тіркеген болса, енді мұны «Астана-АЭК» АҚ жұмыскерлері жүргізетін болады. Бұл туралы елорда әкімдігі «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осы функцияларды орындау үшін «Астана-АЭК» АҚ өткізу блогы кеңейтілді:
• электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметінде (ЭЭЕЖЕАҚ) құжаттарды жинау бөлімі, байланыс орталығы құрылды, сондай-ақ ЖҮҚ және КТҚ бойынша екі сектор қосылып, жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім кеңейтілді.
• жаңа фронт-кеңсе ашылды.
Абай даңғылы, 80 мекенжайында орналасқан фронт-кеңседе:
• электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау;
• электр энергиясының көлемін есептеу;
• электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін тұтынушылардан құжаттар жинау және кейін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берумен айналысатын мамандар отыр.