Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкеде негізінен жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елді мекендерден жеткізілетін өнімдер нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатылуда. Жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік өндірушілер өкілдері ұсынған ет, сүт және көкөніс өнімдері сатылатын іс-шараға елордалықтар көп жиналған.

"Апта сайын біз осы жәрмеңкеден өзімзге қажетті әрі қол жетімді заттарды аламыз. Біз сияқты зейнеткерлер үшін өте қолайлы. Жәрмеңке үнемі өткізіліп тұрса екен деген тілегім бар. Ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет", - дейді қала тұрғыны Асия Кушегалина. 

Демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналды. Тұрғындар апта сайынғы іс-шараларда қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие.

"Біз жәрмеңкеге үнемі келіп тұрамыз. Ашық аспан астында, өнімдердің үлкен ассортименті және көкөніс өнімдерінің барлық түрінің болғаны ыңғайлы. Мұнда сүт, ірімшік өнімдері арзан бағамен сатылады. Сондықтан келіңіздер, қажетті затты қолайлы бағамен сатып алыңыздар", - дейді қала тұрғыны Тамара Ященко.

Айта кетейік, жәрмеңке апта сайын сенбі және жексенбі күндері  «Астана-Арена» стадионының тұрақ аймағында өткізіліп тұрады. Ал аймақтық жәрмеңке тамыз айынан бастап ұйымдастырылады деп жоспарлануда.