
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Әліби Жангелдин көшесінде жол жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 22-23 шілдесі күндері жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жангелдин көшесінің Жеңіс даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деді көлік басқармасы.