Қосшығұлұлы көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады

Қосшығұлұлы көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 14-18 шілде аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің Шабал Бейсекова көшесінен Кенжебек Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.