Елордалық кәсіпкер бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант бойынша кәсібін дөңгелетіп отыр

Елордалық кәсіпкер бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант бойынша кәсібін дөңгелетіп отыр

Елордалық кәсіпкер 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясындағы бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант бойынша бизнесін дөңгелетіп отыр. Ол гранттың көмегі жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Біз душ кабинасын шығарамыз. Осыған дейін біз қолмен әрлейтін едік. Осылайша бір душ кабинасын жасап шығаруға бір апта уақыт кететін. Ал оның көлемін ұлғайту үшін тиісті станок керек болды. Бұл грант туралы интернеттен оқып біліп, өз бағымды сынап көрмек болдым. Бизнес жоспарымды жазып, керек материалдарды көрсеттім. Міне осылай былтыр 5 млн теңге грант ұтып алдым», – дейді грант иегері Қымбат Дәуірбаева.

Ол сөзін жалғай отырып, грант қаражатын қайда жұмсағанын мәлім етті.

«Грант қаражатына осы тұрған станокты сатып алдым. Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттің көмегі үлкен қолдау болмақ. Кез кәсіпті осы қаражатпен дөңгелетіп әкетуге болады», – деді грант иегері.