Елордада Мәңгілік Ел даңғылындағы учаске жабылады

Елордада Мәңгілік Ел даңғылындағы учаске жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 13-21 шілде аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мәңгілік Ел даңғылында Достық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасы таратқан ақпаратта.